Мен, Маженова Жанна Әріпбайқызы, 1981 жылы 29 шілде де Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт (Ленин) ауданы, Шарбұлақ ауылында тудым. Әкем – Маженов Әріпбай, құрылысшы-электрик, анам – Қыпшақбаева Зибагуль, бастауыш мектеп мұғалімі болып қызмет атқарған. 1998 жылы Ленин (Болашақ мектеп- гимназиясы) атындағы мектеп-гимназиясын бітіргеннен кейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география факультетіне «география» мамандығына оқуға түстім. 2003 жылы университетке магистратураға түсіп 2005 жылы осы аталған факультеттің география магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алып шықтым. 2006 жылы университетті аяқтаған соң география факультетінің экономикалық, саяси және әлеуметтік география кафедрасының маманы болып істедім. 2006- 2008 жылдары Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ университетінде оқытушы, 2008-2010 жылдары Алматы Технологиялық университетінде оқытушы, аға оқытушы, 2010-2011ж ХҚТУ ШИ оқытушы, 2011-2012 жж. Қазақтың спорт және туризм академиясында аға оқытушы, 2012- 2016жж. Т.Рысқұлов атындағы экономикалық университетінде (Нархоз университеті) аға оқытушы болып істедім. 2016 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті, «Картография және геоинформатика» кафедрасының аға оқытушысы. Ж. А.Маженованың шамамен 15-тен астам ғылыми мақалалары жазылған.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2003
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0